Выйти
RU

Тоқаев Ұлттық банкті қайта ұйымдастырып, жаңа агенттік құру туралы қаулыға қол қойды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін ары қарай жетілдіру" туралы қаулыға қол қойды. Аталған құжатқа сәйкес, еліміздің Ұлттық банкі қайта ұйымдастырылмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: turantimes.kz

Фото: turantimes.kz

Қаулы жазылған құжатта қаржы реттеушісін қайта ұйымдастырғаннан кейін елде қаржы нарығын дамытып, реттейтін агенттік құрылатын болады.

Ол өз жұмысын 2020 жылы бастайды. Жаңа ведомство мемлекет басшысының алдында есеп беретін болады.

Сондай-ақ жарлықта жаңа агенттіктің функциялары мен міндеттері анық көрсетілген.

Қаулы мәтінінен скриншот

Қаулы мәтінінен скриншот

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда жаңа мемлекеттік орган пайда болатыны хабарланды. Бұл туралы қаржы секторын реттеу төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, Ұлттық банк ақша-несие саясатының тиімділігіне және инфляцияны бақылау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға баса назар аударады.

Жаңа мемлекеттік орган - Қазақстан президентіне тікелей есеп беретін қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттікке қаржы нарығын реттеу және дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау функцияларын беру ұсынылады.

Агенттік мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмақ. Еңбекақы төлеу жүйесін Қазақстан үкіметі бекітеді, ал қызметшілердің мәртебесі Ұлттық банк қызметшілерінің мәртебесіне ұқсас болады

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Ұлттық банкті қайта ұйымдастырып, жаңа агенттік құру туралы қаулыға қол қойды