Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жекеменшік мектептер ашу бойынша жоба бастау алды

Опубликовано:

Қазақстан халқының бүгінгі күні тарихи максимумға қол жеткізгенін көрсетіп отырған еліміздің демографиялық бейнесі экономиканың барлық салаларына, оның ішінде білім беру саласына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Мектеп оқушыларының контингенті ұлғайған сайын республикада оқушылар орындарына қажеттілік арта түсті.

БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ
БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ: Depositphotos

Мемлекеттік бюджеттің оқушы орындарымен бір мезгілде қамтамасыз етуге және мемлекеттік мектептерді бірден салуға мүмкіндігі болмағандықтан, бұл мәселені шешу тәсілдерінің бірі ретінде жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мектептерді салуға жекеменшік инвесторларды тарту тетігі ұсынылып отыр.

Жекеменшік мектептер желісінің ұлғаюы премиум-класты мектептердің ғана емес, сондай-ақ оқу ақысы қолжетімді мектептердің ашылуына әкеледі, жалпы, бұл оқушы орындарының тапшылығын азайту мәселесін шешеді.

Ата-аналардың басым көпшілігі балаларын жағдайы жақсартылған және қосымша білім беретін жеке мектептерде оқыту мүмкіндігіне ие болады.

Жекеменшік мектептерді салудың белсенді процесі ағымдағы жылдан басталды.

Осы ретте, бар болғаны бір жылда ғана жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тетігінің енгізілуімен 70 жекеменшік мектеп ашылды. Бұл соңғы 10 жылда ашылған жекеменшік мектептердің ең көп саны.

Мысалы, Шымкент қаласында кәсіпкер Сулайманов Низамхан Сулайманович үстіміздегі жылы ең бірінші болып екі мектеп ашты, олар: жобалық қуаты 850 балаға арналған "Арофат" мектебі және 1200 оқушыға арналған Абай Құнанбаев атындағы мектеп. Мектептер толық жасақталды және олардың материалдық-техникалық базалары барлық заманауи талаптарға сай. Бүгінде аталған екі мектепте 3000-нан астам оқушы білім алып жатыр, 200-ден астам мұғалім мен 28 кіші қызметкер жұмыспен қамтылған.

БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ
БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ: Depositphotos

Қызылорда қаласында бизнесмен Дүлдүл Руслан Кажденбекұлының басшылығымен 300 орындық "Ziyatker" инновациялық мектеп-лицейі ашылды. Барлық заманауи талаптарға жауап беретін мектепте балалар домбыра, хореография және ағылшын тілінен қосымша сабақтар алумен қатар, австриялық Playmat әдістемесі бойынша ағаш шеберлігіне үйренетін болады.

БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ
БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ: Depositphotos

Жуырда, ағымдағы жылдың 27 қарашасында Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылында жаңа "Дара" мектеп-лицейі – бизнес академиясының салтанатты ашылуы өтті. Белгілі кәсіпкер Сайра Әйтенқызы Матайбаеваның бастамасымен ыңғайлы заманауи жекеменшік мектепте 600 дарынды бала оқитын болады.

БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ
БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ: Depositphotos

Оқушы орындары санының ұлғаюына (66 мыңға жуық) қарамастан, ашық 189 жекеменшік мектепте бүгінгі күні республикада оқушы орындарына қажеттілік 196 мыңға жуық орынды құрайды. Сондықтан жекеменшік мектептер желісін дамытуды мемлекет басым міндеттердің бірі ретінде қарастырады.

Осы тетік шеңберінде өткен 3 жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте 56 млрд.теңгеден астам қаражат көзделген, әрі бұл қаражат секвестрлеуге жатпайды. Сонымен қатар, 2020-2021 жылдары 90-нан астам жекеменшік мектеп ашылады деп күтілуде.

Жекеменшік мектептердің құрылысын қолдау тетігі туралы толығырақ ақпаратты 8 (7172) 695-035, 695-876, call-center - 8 800 080 28 28 (байланысу тегін) телефондары арқылы және www.fincenter.kz сайтынан алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830593-zaa-zekemensik-mektepter-asu-bojynsa-zoba-bastau-aldy/

pixel