RU

Ақтөбеде теміржол бойында селфи жасаған ару қайтыс болды

Telegram logo VKontakte logo

Ақтөбеде теміржол бойында қайғылы жағдай орын алды. Пойыздың фонында селфи жасап, суретке түскен арулардың бірін пойыз қағып, кетіп ол ауруханада көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Оқиға 4 желтоқсанда сағат шамамен 23:00-де Әуе қалашығы ауданындағы теміржол бойында болған.

"Екі қыз келе жатқан пойыздың фонында, селфи жасаған. Сол кезде қыздардың бірін пойыз қағып кетті. Зардап шегуші Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, сол жерде бүгін таңертең көз жұмды.
Осыған байланысты полиция департаменті жаяу жүргіншілерді теміржол маңында, автожолдарда сақ болуды ескертеді", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, қараша айында Ақтөбе облысындағы жолдарда 43 жаяу жүргінші зардап шегіп, оның алтауы қаза болған. Ал жыл басталғалы бері жол-көлік апатынан 17 адам мерт болған.

Осы орайда полиция қызметкерлері халыққа жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Мәселен жаяу жүргіншілер тасжолды кесіп өтер кезде көліктің бағыты мен жылдамдығын қарап, тоқтаған кезде ғана қозғалуы тиіс.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Ақтөбеде теміржол бойында селфи жасаған ару қайтыс болды