Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пәкістан аруы" тәжін иеленген ару жол апатынан көз жұмды

Опубликовано:

2012 жылы "Пәкістан аруы" тәжін иеленген Заниб Навид өткен демалыс күндері жол апатынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: facebook.com/pg/ZanibNaveedMissPakistanWorld2012
Фото: facebook.com/pg/ZanibNaveedMissPakistanWorld2012: Facebook

Қайғылы оқиға АҚШ-тың Мэриленд штатында болған. Полиция көліктің жанынан 32 жастағы Заниб Навидтің өлі денесі тапқан.

Занибтан бөлек, көлікте басқа ешкім болмаған. Өзге автокөліктермен де соқтығыспапты. Пәкістан аруының қанынан алкоголь табылмаған.

Ол бұрылыстағы бордюрге соғылып, салдарынан көлігі аударылып, қарсы бағытқа шығып кеткен екен.

Заниб АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Помона қаласында тұрған. Марқұмның Мэрилендтен үйіне дейін небәрі төрт сағаттық жол қалған екен.

Ал оның күйеуі Али-Хайдер Шах оқиға орын алған кезде Копенгагенде болған.

Қазір ол өзінің қандай сезімде екенін Facebook желісіндегі парақшасында бөліскен.

"Қош бол, менің махаббатым..", - деп жазды қайғыдан қан жұтқан Али-Хайдер Шах.

Айта кетейік, Заниб Навид 2011 жылы Нью-Йорктегі Пейс университетін тәмәмдаған. Ал 2012 жылы Канадада "Пәкістан әлем аруы" байқауында жеңіске жеткен.

Артынша ол өз елінің атынан "Miss World" пен "Miss Universe" сайыстарынан кейінгі "Miss Earth" сұлулық байқауына да қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1830600-pkistan-aruy-tzin-ielengen-aru-zol-apatynan-kz-zmdy/

pixel