RU
Тоқаев пен Ангела Меркельдің ресми кездесуінен видео жарияланды

Тоқаев пен Ангела Меркельдің ресми кездесуінен видео жарияланды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия канцлері Ангела Меркельдің ресми кездесуінен видео жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Видеомен мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында бөлісті.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Германияға ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел канцлері пен Ангела Меркельмен кездесті . Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өтті. Қазақстанның, Германияның және Еуропалық Одақтың тулары көтеріліп, Бундесвердің бас оркестрі екі мемлекеттің әнұрандарын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель Құрмет қарауылын аралап шықты. Содан кейін екі елдің ресми делегациясының құрамы таныстырылды. 

Салтанатты рәсімнің соңында Қазақстан президенті мен Германия канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.

Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілді.

Сондай ақ білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселесі сөз болды.

Президенттің сапар барысында Ангела Меркельмен келіссөздер өткізуінен бөлек, президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездесуі жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel