RU
Дәурен Абаев: Ресей мен Украина шиеленісі Қазақстанға тиімсіз

Дәурен Абаев: Ресей мен Украина шиеленісі Қазақстанға тиімсіз

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Немецкая волна" телерадиокомпаниясына берген сұхбатына пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ

Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ

"Ресей мен Украина шиеленісі Қазақстанға барлық жағынан тиімсіз. Екі халық та бізге тең дәрежеде жақын. Ресейліктер мен украиналықтар да өз арасында бауырлас, оны өздері де біледі. Сондықтан, біз шиеленістердің тезірек және бейбіт шешілуіне мүдделіміз", - деді министр "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында.

Оның айтуынша, соғыс майданда емес, адамдардың ой-санасында жүріп жатыр.

"Не бізбен біргесің, не жаусың" деген ұстаным белең алды. Ал, келешек келіссөздерге зиян келтірмеуді көздейтін кез келген ұстаным беру әрекеті теріс қабылдануда. Негізінде біз сөз бен интонациялардың тұтқынына айналдық. Біздің Президент нағыз дипломат ретінде аннексияның тым ауыр тұжырымдама екенін айтты. Ол ешкімді айыптаған жоқ, ешкімді қолдаған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұндай сөздердің бағасын түсініп, үзілді-кесілді ештеңе айтқан жоқ", - деді Д. Абаев.

Айта кетейік, бүгін Украинаның сыртқы істер министрлігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырымдағы жағдай туралы айтқан пікіріне жауап берді.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel