RU

Полицияда Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Telegram logo VKontakte logo

Полиция осы жылдың қыркүйек айында өз ата-анасының үйінде өлі табылған әнші, "Арнау" дуэтінің бұрынғы мүшесі Жанар Хамитова қатысты "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша тергеу жұмысын аяқтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жанар Хамитова. Фото: instagram.com/zhanar_khamitovaa_official

Жанар Хамитова. Фото: instagram.com/zhanar_khamitovaa_official: Twitter

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ порталының сұранысына ресми түрде жауап берді. Бүгін ведомство жазбаша түрде қылмыстық істің жабылғанын хабарлады.

Ресми жауапта айтылғандай, іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚІЖК-нің 35-бабы негізінде тоқтатылды.

Полиция тергеу органдары қандай жұмыс көлемін атқарғаны туралы хабарлаған жоқ.

Айта кетейік, отандық эстрада жұлдызы Жанар Хамитова қыркүйек айында Қарқаралыдағы ата-анасының үйінен өлі күйінде табылған. Бірнеше жылдан кейін сахнаға қайта оралған әншінің артында екі баласы қалды.

Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсау" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ал Жанардың жақындары әнші өз-өзіне қол салмағанын, үй жинап жүргенде жүрегі тоқтап қалғанын айтты.

Осы жылдың сәуір айында Хамитова ажырасқаннан кейін кезіккен мәселелер туралы баяндап, бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын жеткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Полицияда Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу аяқталды