Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірі" деп хаттама толтырған: Төрт жылдан бері әділдік іздеп жүрген азамат ІІМ көмек сұрап отыр

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда ақ халаттылар қайтыс болған науқасты, "тірі" деп хаттама толтырған. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауында белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Шухрат Таджиддинов сол жақта. Кадр Астана арнасы
Шухрат Таджиддинов сол жақта. Кадр Астана арнасы: Depositphotos

Төрт жылдан бері әділдік іздеп жүрген Шухрат Таджиддинов Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан көмек сұрап келді.

Айтуынша, қалалық аурухананың біріне асқазына ауырып жатқызылған әжесіне дәрігерлер араша бола алмаған. Ең сорақысы, науқасты үйіне тірі күйінде жібердік деп хаттама толтырғанын айтады.

Ал ер адам әжесінің денесін ауруханадан алып шықтым деп отыр.

Дәрігерлердің үстінен талай рет арыз жазғанмен, нәтижесі жоқ деп ашынды.

"Дәрігерлер оның медициналық картасын да өзгерткен. Онкологиялық ауруы болып деп жазып қойыпты. Ондай болған емес. Медициналық экпертиза жасап көрсе болады. Осы жағдай бойынша талай рет сотқа арыз жаздым. Бірақ, істі жылы жауып қоя береді", - дейді Нұр-Сұлтан тұрғыны Шухрат Таджиддинов.

Министр бұл жағдайды өз бақылауына алатынын айтып, ер азаматқа қайтадан арыз жазуға кеңес берді.

Бұдан өзге, қоғамдық қабылдауға 70-ке жуық арыз-шағым түскен. Олардың арасында алаяқтық, зорлық-зомбылық және адам өлтіру қылмыстары бар.

Негізінен жергілікті құзырлы органдардың әрекетсіздігіне шағымданушылар көп екен.

А. Мүтәлі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830644-nr-sltanda-drigerler-kajtys-bolgan-naukasty-tiri-dep-hattama-toltyrgan/

pixel