RU

Испанияда дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған келіншекті қайта тірілтіп жіберді

Telegram logo VKontakte logo

Испаниялық дәрігерлер қатты суықтың салдарынан жүрегі алты жарым сағатқа тоқтап қалған 34 жастағы британиялық келіншекке ота жасап, оны тірілтіп алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Риа Новостиге" сілтеме жасап хабарлайды.

Одри Мэш пен оның күйеуінің басындағы жағдай каталониялық Пиренейде 3 қараша күні орын алған.

Бірақ, Барселонадағы Vall d'Hebron клиникасының дәрігерлері бұл жағдайдан бейсенбі күні хабардар болғанын айтады.

Белгілі болғандай тауда күйеуімен жүрген келіншек ауа райының құбылған кезде есінен танып қалады. Жұбайының сөзінше, одан тамырының соғысы, тыныс алуы жалпы өмір белгілері байқалмаған.

Құтқарушылар келген сәтте Одридің дене температурасы 18 градусқа дейін төмендеп кеткен.

Оған бірден реанимациялық шаралар жасалып, әйел адамның жүрек қызметі қалпына келтірілген.

Клиника қызметкері Эдуард Аргудоның сөзінше, британиялық әйелдің жансақтау бөліміне түсуге миының жағдайы басты фактор болған.

"Мидың тез салқындауы басталған және оның оттегіге деген қажеттілігі жүрек тоқтағанға дейін күрт төмендеген", - дейді ол.

Мұндай жағдай Испанияды бірінші рет болып отыр екен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Испанияда дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған келіншекті қайта тірілтіп жіберді