Выйти
RU

Жазира Байырбекова туған бауырларын көрсетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында ғана екінші мәрте ана атанғанын жария еткен әнші Жазира Байырбекова өзінің туған бауырларымен таныстырды. Өнер иесі Instagram желіде отбасы мүшелерімен түскен суретін жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhazira_bairbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/zhazira_bairbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жазира Байырбекованың сөзінше, олар отбасында жеті қыз, екі ұл екен.

Белгілі болғандай әнші туғандарымен бас қосып, анасын 70 жасқа толуына орай құттықтап барған екен. Оған қоса, бауырлар марқұм әкесінің аруағына құран бағыштап та қайтқан.

"Бір әке, бір шешеден туған бауырларым: Ботагөз, Сабира, Ербол, Ләззат, Жазира, Назира, Аққал, Ұлдан, Серік және жеңгем Шолпан мен келінім Мөлдір! Анамызды құтықтап, әкемізге құран бағыштап қайттық! Жеті қыз, екі ұл. Аллаға шүкір" , - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Байырбековтер отбасының өзара татулығына сүйсініп, жылы лебіздерін жазған.

"Қандай керемет, татулықтарын ажырамасын" , "Жарайсыздар, осылай тату болып жүре беріңіздер" , "Туған бауырға ештеңе жетпейді" , "Бір үйдің балалары" , "Сіздерге қарап ел сүйсінеді" , "Көз тимесін, бауырларың аман болсын" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира мен Жанболаттың екінші мәрте ата-ана атанғанын хабарлаған болатынбыз. Жұлдызды жұп Дара есімді қызының дүниеге келгенін біраз уақыт елден жасырып жүрген.

Кейін сәбидің бесік тойынан желіде видео да тарады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жазира Байырбекова туған бауырларын көрсетті (фото)