RU
Үндістандағы көше тамағы несімен қауіпті

Үндістандағы көше тамағы несімен қауіпті

Рассказать Вконтакте

Үндістанға барған кез келген жан көше тағамның түр-түрін еш қиналмастан таба алады. Дегенмен ол әркез дәмді әрі пайдалы бола бермеуі мүмкін. Сондықтан өзіңіз қалаған тағамнан дәм татпас бұрын оның денсаулығыңызға зиянын тигізбейтінін алдын-ала біліп алғаңыз абзал деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ turizm.ru-ге сілтеме жасап.

Үндістандағы көше тамағы несімен қауіпті

Фото: turizm.ru

Үндістанда көше тағамдарын таңдағанда мына кеңестерге құлақ түріңіз

Қуырылған тағамдарды таңдаңыз

Біріншіден, қуырылған тағамдар - зиянды бактериялардың өлгенінен хабар береді. Осы орайда Самос пен Алоо тики картоп котлеттері, жаңа піскен жаңғақтар, Бомбей сэндвичтері, қуырылған жүгері және көкөніс қабаттарын таңдаған жөн.

Екіншіден, йогурт қосылған тамақтан аулақ болыңыз. Көбінесе бұл өнім көше саудагерлерінің үлкен ыдыстарында сақталып, ыстықтан тез бұзыла бастайды. Алайда егер сіз құрамында йогурт бар танымал Дахи пури тағамынан дәм татып көргіңіз келсе, онда мейрамханаға тапсырыс бергеніңіз абзал.

Үшіншіден, көше саудагерлері өздері жасаған тамаққа қандай су қолданатынын тексеріңіз. Егер сіз олардың арнайы аузы бекітілген бөтеледен су алып жатқанын көрсеңіз, секем алмай, тамаққа тапсырыс бере беріңіз. Ал егер олай болмаса, артыңызға қарамай кете беріңіз.

Мәселен, Үндістан көшелеріндегі танымал тағам - Пани-пури қамырдан жасалған допшаларға тапсырыс бергенде осы кеңесті ескергейсіз. Себебі ол түрлі дәмдеуіштер мен қоспалары бар сулы сорпамен беріледі.

Сонымен қатар, сарапшылар Чатни дәстүрлі үнді соусын тағамдарға қоспауға кеңес береді. Ол дәмдеуіш, балғын шөп, жемістер немесе көкөністермен араласып жасалған болса да, олар адам үшін қауіпті болуы мүмкін.

Себебі тұздықтың құрамына кірген су лас болуы ықтимал. Мамандар тағамға тұздық ретінде кетчупты таңдауға кеңес береді.

Сондай-ақ, Үндістанда туралған жемістерді сатып алудың қажеті жоқ. Олардың орнына сырты аршылмаған манго, апельсиндер мен банандар сатып алған дұрысырақ. Сіз оның қабығын өзіңіз алып тастағанда, бұл жемістерді қандай суда жуылғанын ойлап, бас қатырмайсыз.

Сонымен бірге бірнеше жергілікті тұшпарадан басқа кез келген ет тағамдарынан бас тарту керек.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel