RU

Жұлдызай Дүйсенбиева сахнамен қош айтыспақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Шаншар" әзіл-сықақ театры арқылы халыққа танылған Жұлдызай Дүйсенбиева жақында ғана сахнадағы 20 жылдығын атап өтіп, ел күтпеген мәлімдеме жасады. Актриса келер жылы өнермен түбегейлі қош айтысып, басқа салаға бет бұратынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жұлдызай Дүйсенбиева енді отбасылық өмірге барынша көп көңіл бөліп, сахнадағы жұмысынан гөрі жеке кәсіппен айналысуға шешім қабылдаған.

Алайда, өнерден кетер алдында актриса міндетті түрде халыққа есептік концертін беретінін атап өтті.

"Келесі жылы сахнадан кетемін. Шәкірттеріме тапсырамын. Сахнадан кетуіме орай келер жылы үлкен концерт беруім мүмкін. Жалпы өнерден кетемін. Басқа салада жұмыс істейін деп жатырмын" , - дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Айта кетейік, бұған дейін актрисаның неге ел назарынан тыс қалғанын жазған болатынбыз.

Өнер иесі көпшілік алдында өзі көрінгісі келмейтінін жеткізген болатын. Жұлдызайдың айтуынша, бұл шешімге оны ешкім итермелеген. Бұл әртістің жеке қалауы болып шықты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жұлдызай Дүйсенбиева сахнамен қош айтыспақ
Mailfire view pixel