RU

12 жасына дейін сандықта болған қыздың өмірі 25 жылдан кейін қалай өзгерді

Telegram logo VKontakte logo

Ресейдегі Мурманск облысы Кировск ауданында 1976 жылы сиыр сауушы жалғызбасты әйел қыз бала дүниеге әкеледі. Алайда көршілердің сынынан қорыққаннан келіншек қызық сандықтың ішінде жасырып келген. Шындықтың беті тек 12 жылдан кейін, әйел адам өмірден озғанда ғана ашылды. Араға 25 жыл салып жасөспірімнің өмірі қалай өзгергенін KAZ.NUR.KZ sm-news.ru-ге cілтеме жасап баяндайды.

12 жасына дейін сандықта болған қыздың өмірі 25 жылдан кейін қалай өзгерді

Фото: progorod43.ru, Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: UGC

Жергілікті сиыр сауушы Любовь Михалицына тұйық, адамдармен араласқанды ұнатпайтын адам болған. 1979 жылы әйел адам балалы болады. Алайда өзінің жалғыз басты ана екеніне қынжылған келіншек көршілерден бұны барынша жасырып келіпті.

12 жасына дейін сандықта жасырынып өскен қыздың өмірі 25 жылдан кейін қалай өзгерді

Фото: progorod43.ru: UGC

Өз ісіне тиянақты, өте жауапты келіншек кей кездерде итіме деп артық сүт алып кетеді екен.

12 жасына дейін сандықта жасырынып өскен қыздың өмірі 25 жылдан кейін қалай өзгерді

Фото: progorod43.ru: UGC

Шындықтың беті тек 1991 жылы, Любовь жұмысқа шықпай қалған күні ашылды. Анықталғандай сиыр сауушы келіншек үйінде қайтыс болыпты. Ал ол жерге келіп жеткен полиция қызметкерлері бөлмеден одан бөлек жабайы 12 жастағы баланы анықтаған.

12 жасына дейін сандықта жасырынып өскен қыздың өмірі 25 жылдан кейін қалай өзгерді

Фото: progorod43.ru: UGC

Ол 12 жыл бойы жарты метрлік сандықтың ішінде өмір сүріпті. Қыз бала адамдарға жолауға қорыққан, дұрыс сөйлей алмай, аш отырыпты (ол тек нанның қоқымы мен сүтті азық еткен). Ал оның бойы небәрі 60 см-ді құраған.

12 жасына дейін сандықта жасырынып өскен қыздың өмірі 25 жылдан кейін қалай өзгерді

Фото: progorod43.ru: UGC

Кейін Маша психоневрологиялық диспансерге жатқызылды. Қыз бала өмір бойы сандықтың ішінде жатқандықтан, ол екі жасар балақайға ұқсап қалған. Ал аяқтары тіпті, дұрыс дамымаған.

Қазіргі таңда Марияның жасы 42-де. Ол интернатта тұрады. Маша қоғамға тез сіңіп кеткен. Ол сөйлеп, өздігімен жуынып, шашын тарайды, тамақтанып, киіне алады. Дегенмен ол өкінішке орай, мүгедектер арбасына мәңгіге таңылған.

Мария өзінің өткен өмірін еске түсірмейді. Психологтар жаңа психологиялық жарақаттардан аулақ болу үшін мидың жағымсыз естеліктерді бұғаттайтынын айтады.

12 жасына дейін сандықта жасырынып өскен қыздың өмірі 25 жылдан кейін қалай өзгерді

Фото: progorod43.ru: UGC

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
12 жасына дейін сандықта болған қыздың өмірі 25 жылдан кейін қалай өзгерді