RU
Владимир Зеленский Time журналының мұқабасына шықты (фото)

Владимир Зеленский Time журналының мұқабасына шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленский беделді Time америкалық журналының мұқабасына шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы vesti.ua-ға сілтеме жасап.

Владимир Зеленский. Фото: time.com

Владимир Зеленский. Фото: time.com

Мұндай жаңалық басылымның Twitter парақшасында, 5 желтоқсанда жарияланған.

"Ортадағы адам. Украина президенті Владимир Зеленский Путин мен Трамптың ортасында қалды", - делінген хабарламада.

"The Man in the Middle" ("Ортадағы адам") мақаласы Time журналының жаңа санында жарық көрмек. Шығарылым 16 желтоқсанға жоспарланған.

Журналистер материалында АҚШ-тың демократтары Зеленскийді Трамп билігін асыра пайдаланудың құрбаны деп санайтыны жазылған. Дәл осы себептен америкалық президентке сенімсіздік қаупі төніп тұр.

Сонымен бірге, республикашылдар Украина президентін Трамптың кінәсінің жоқтығына негізгі куәгер ретінде қарастырады.

Басылым журналистерінің пікірінше, Зеленский Донбасстағы соғысты тоқтату үшін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге мәжбүр болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украинаның бірінші ханымы Елене Зеленская алғаш рет танымал Vogue Ukraine журналының мұқабасына шыққан болатын.

Фото: twitter.com/shustry/status

Фото: twitter.com/shustry/status

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel