Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Миллионер Қайрат Құдайберген үйде ақшаны кім ұстайтынын айтты

Опубликовано:

Танымал бизнесмен Қайрат Құдайберген үйде ақшаны кім ұстайтынын айтып берді. Миллионер бар тапқан табысын әйеліне беретін болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/kudaibergen_kairat. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/kudaibergen_kairat. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Белгілі кәсіпкер тапқан-таянғанына келіншегі иелік ететінін жасырмай айтты. Қайрат Құдайбергеннің сөзінше, жары өз қаржысы мен оның ақшасын да қалауынша жаратады.

"Үйде мен тапқан ақша мен ол тапқан ақшаның иесі - әйелім. Оның ақшасы - оның ақшасы, менің ақшам да - оның ақшасы. Сол себептен, үйдің бюджетін өзі ұстайды. Үйде болып жатқан барлық нәрселер, қонақтарды күту, туған күндер мен тойлар жасау болсын бюджеттің қаржылық моделін толықтай өзі жасап береді" , - дейді танымал кәсіпкер.

Ал Құдайбергенннің жақын досы әрі әнші Айқын Төлепбергеннің үйінде ақшаны ұстау мәселесі мүлдем басқаша болып шықты. Өнер иесі екі отбасыны қаржыландыруды да өз мойнына алғандықтан, тапқан табысына өзі иелік етеді екен.

"Үйде ақша ұстайтын мен ғой. Жұлдыздың тапқаны өзіне ғой. Негізгі бюджет менде ғой. Мен ғой үйдің продюсері, бастағы" , - дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830666-millioner-kajrat-kdajbergen-jde-aksany-kim-stajtynyn-ajtty/

pixel