RU

Мәскеуде таксист жігіт көлікте ұйықтап қалған жолаушыны зорлаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей астанасында ткси жүргізушісі автокөлігінде ұйықтап қалған жолаушыны зорлаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Рен тв-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жаға ұстатарлық оқиға 1 желтоқсан күні таңертең болған. Екі қыз Мәскеу орталығында орналасқан түнгі клубтан қайтып келе жатқан. Жолда құрбы қыздар ұйықтап кетеді.

Қаскөй аулаға көлікті тоқтатып, клиенттердің біріне сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған.

Бойжеткен қарсылық танытып, көліктен шығып үлгерген. Артынша полиция қызметкерлерін де шақыртқан.

Мәскеудің құқық қорғау органдары 30 жастағы такси жүргізушісіне қатысты "Зорлау" бабымен қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында ер адам жасаған қылмысын мойындаған.

Айта кетсек, ер адамдардың зорлық көрсету оқиғасы Тәжікстанда да болған еді. Худжан қаласында жергілікті тұрғын туған қызын зорлады деген күдікке ілінген. Жапа шеккен 19 жастағы қыз Сырдария өзеніндегі көпірден секіріп кеткен. Алайда оны куәгерлер құтқарып, оны милиция бөліміне алып кеткен

Бөлімшеге келген қыз туған әкесінен зорлық көргенін айтады. Арайы сот-медициналық сараптам жасалып, зорлау дерегі расталған. Безбүйрек әке қазір тергеу изоляторында қамауда отыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мәскеуде таксист жігіт көлікте ұйықтап қалған жолаушыны зорлаған
Mailfire view pixel