RU

Киану Ривздің 46 жастағы сүйіктісі ағарған шашын неге боямайтынын түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Голливуд жұлдызы Киану Ривздің сүйіктісі Александр Грант ағарған шашын неліктен боямайтынын айтып берді. Суретшінің сөзінше, шашты үнемі бояу қатерлі ісік дертін тудыруы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы spletnik.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

46 жастағы суретші Александр Грантқа деген БАҚ қызығушылығы оны 55 жастағы Киану Ривзбен бірге көргеннен кейін басталған.

Қараша айында Ривз бен Грант жұбы некелесіп алған деген қауесет те тарады. Бұл әңгіме ресми расталмаса да, Александраның әлеуметтік желідегі парақшасында тіркелушілер саны артқан.

Жазылушыларымен жақсы қарым-қатынас орнатқан ол Instagram парақшасында оқырмандарының шашыңызды неге боямайсыз деген сауалына жауап берді.

Александраның сөзінше, шашы ерте ағарып кетсе де, ол бояуды мүлдем доғарған. Оның мұндай қадамға баруына шаш бояуының әйел денсаулығына келтіретін зияны туралы Newsweek журналында жазылған мақала себеп болған.

Мақаланың тақырыбында шашты тегістейтін өнімдер мен бояуларды үнемі пайдалану - сүт безі қатерлі ісігінің қаупін арттырады деп жазылған екен. Дәл сол зерттеуге 45 000 әйел қатысқан көрінеді.

"Сандар таңғалдырады... Менің шашым ерте ағарды және бояулардың улы екенін білгенше барлық түске боядым... Әр әйел қай жасында қалай көрінетінін өзі таңдайды", - дейді Александра.

Еске сала кетсек, бұған дейін әйгілі актер Киану Ривз араға бірнеше жылдар салып, әйел адаммен бірге ел алдына шыққаны хабарланған еді. Ол Лос-Анджелесте өткен LACMA Art + Film фестиваліне 46 жастағы Александра Грантпен қол ұстасып келген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Киану Ривздің 46 жастағы сүйіктісі ағарған шашын неге боямайтынын түсіндірді
Mailfire view pixel