RU
Тоқаев Украина мәселесіне қатысты пікір білдірді (видео)

Тоқаев Украина мәселесіне қатысты пікір білдірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары аясында Украинаның шығысындағы мәселеге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Канцлер Ангела Меркельмен келіссөзден кейін президентке бауырлас елдің қазіргі жағдайы жөнінде сұрақ қойылды.

Қазақстан басшысы Украинамен достық әрі әріптестік байланыс барын алға тартып, келешегіне бей-жай қарамайтынын білдірді.

Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина мәселесін шешу жөніндегі ұсынысын еске салды.

"Тұңғыш президентіміз Қазақстан аумағында Украина мәселесін шешуге бағытталған бітімгерлік ұсыныс жасады. Дегенмен, арадағы келіспеушіліктерге ең алдымен Норманд форматындағы жиында нүкте қойылады деген ойдамыз. Бұл басқосу 9 желтоқсанда Парижде өткелі тұр.
Тараптарға сәттілік тілейміз. Украинамен бізді достық әрі жан-жақты әріптестік байланыстырады. Украина халқына құрметпен қараймыз. Олар бейбіт те берекелі өмір сүруге лайықты", - деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle телеарнасына сұхбат беріп, оны Украинаға қатысты пікір білдірген.

Журналист мемлекет басшысына "Қазақстан билігі Украинадағы жағдайлардан, атап айтқанда, Қырымдағы аннексия мен елдің шығысындағы соғыстан қорықпады ма" деген сауал қойды. Тоқаев өз кезегінде Қазақстанның Қырымда аннексия болды деп есептемейтінін алға тартты.

Артынша, Украинаның сыртқы істер министрлігі Тоқаевтың Қырымдағы жағдай туралы айтқан пікіріне жауап берді.

Ведомство Facebook желісіндегі ресми парақшасында елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Екатерина Зеленконың жауабын жариялады.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel