Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін қызғанған ер адам оны соққының астына алып, неке жүзігін жұтқызбақ болған

Опубликовано:

Англияның Андовера қаласының 28 жастағы тұрғыны Шон Дайсон 30 жастағы әйелі Люси-Энн Раштонның өліміне күдікті деп танылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Касолина
Фото: twitter.com/cctheatreco: UGC

Қызғаншақ ер адам әйеліне бұрынғы ғашығы хабарласқаннан кейін ашуға мінген. Ол дәл сол жерде екеуінің айырылысатынын айтып, келіншегінің неке жүзігін жұтып қоюын талап еткен.

Люси өз кезегінде күйеуінің сөзін екі етпей, дегенін істеп, сақинаны аузына салған. Десе де, әшекейді жұтып үлгермеген сыңайлы. Себебі оқиғадан кейін әшекей баспалдақтан табылыпты.

Ер азамат тек жанжалдасып қана қоймай, тоғыз жыл отасқан жан-жарын аяғымен тепкілеп, өлтірген.

Денені ашқан кезде Люсидің қабырғаларының 37 жерден сынғаны және өкпесінің жарылып кеткені белгілі болды де жазады The Sun.

Келіншек қайтыс болардың алдында бірнеше ай бұрын туған-туыстарына күйеуінің қолынан қаза табамын ба деп қорқатынын айтыпты. Ол бұрыннан бері өміріне қауіп төніп тұрғанын біліп жүрген.

Прокурордың сөзінше, Шон Дайсон бұған дейін де әйеліне қол көтерген және Люси ұзақ уақыт отбасыдағы зорлық-зомбылыққа төзіп жүре берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1830682-jelin-kyzgangan-er-adam-ony-sokkyny-astyna-alyp-neke-zzigin-ztkyzbak-bolgan/

pixel