Выйти
RU

Ресейде "Сүт королі" атанған қазақ кәсіпкері туралы не білеміз (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің Челябі облысында тұратын Жамбыл Айтпаев "Лидер" атты ауылшаруашылық кооперативін басқарады. Осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған кооператив бүгінде тұрғындардан сүт сатып алып, оны зауытқа өткізумен айналысады, түрлі өнімдер шығарады. Осы орайда KAZ.NUR.KZ "Настоящее время"-ға сілтеме жасап көрші елде кәсібін дөңгелетіп отырған қазақ азаматы жайлы назарыңызға ұсынады.

Фото: Видеодан кадр/ "Настоящее время"

Фото: Видеодан кадр/ "Настоящее время"

42 жастағы Жамбылды жергілікті тұрғындар "Сүт королі" деп атап кеткен. Қызыл ауданына қарасты Увальский деген ауылда өмірге келген ол мектепті бітірген соң мал дәрігері мамандығын оқыпты. Кейіннен ет және бас­қа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жинаумен айналысқан екен.

Айтпаев 2002 жылы әйелімен бірге дүкен ашып, артынша колхозда жұмыс істейді. Бірақ, шаруашылық ісі күйрей бастаған соң жеке кәсіпкерлік ашу қажеттігін түсінеді. Осы тұста оған тұрғындардан сүт алып, табыс табу туралы идеяны күйеу баласы ұсынады.

"Бастапқыда мен жеке кәсіпкер болдым. 2008 жылы кооператив ашып, "Лидер" деп атадық. Күн сайын сүт сатып алуға шығамыз. Біздің қызмет сондай, әр үйге барамыз. Адамдар сүт өткізеді, әр 10 күн сайын оларды есептейміз", - дейді Жамбыл.
Фото: Видеодан кадр/ "Настоящее время"

Фото: Видеодан кадр/ "Настоящее время"

Кооператив 11 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 600-дей үйден күніне бірнеше рет сүт жиналады. Бұрындары сүтті күніне 20 тоннадан асыра жинаған кездер де болған екен.

Ал бүгінде орташа алғанда 8 тонна сүт жиналатын көрінеді. Жамбылдың кооперативі өңделген сүттен алын­ған сүт өнімдерін сатумен де айналысады.

Фото: Видеодан кадр/ "Настоящее время"

Фото: Видеодан кадр/ "Настоящее время"

Қазір Жамбыл үш баланың әкесі. Балаларының екеуі – студент. Ол кәсібін кіші ұлы жалғастырады деп үміттенеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде "Сүт королі" атанған қазақ кәсіпкері туралы не білеміз (видео)