RU

2020 жылы қандай түс трендте болмақ

Рассказать Вконтакте

Pantone халықаралық зерттеу институты 2020 жылдың басты түсін таңдады. Тышқан жылында "классикалық көк түс" трендке айналмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Видеодан кадр: іnstagram.com/pantone

Видеодан кадр: іnstagram.com/pantone

Зерттеу институты бұл туралы ресми сайты мен Instagram желісіндегі парақшасында 5 желтоқсан күні хабарлаған.

Сонымен 2020 жылдың басты түсі ретінде Pantone 19-4052 Classic Blue немесе "классикалық көк" таңдалған.

"Бұл қарапайымдылығымен әдемі, тыныш әрі мәңгілік реңк. Ол ымырт аспанды еске түсіреді және қауіпсіздік сезімін береді", - делінген Pantone парақшасында.

Бұған дейін ақпан айында Pantone компаниясының вице-президенті Лори Прессман (Laurie Pressman) 2020 жылдың басты түсі көк болуы мүмкін деп болжаған еді. Прессманның сөзінше, дәл теңіз реңктері - болашақ дизайнерлік топтамалардың негізгі шабыт көзі болады.

Pantone америкалық түс институты 2000 жылдан бері басты түсті таңдап келеді. ХХ ғасырдың ортасында компания сандық индикация арқылы түс таңдайтын арнайы стандартталған жүйені жасап шығарған.

Институт зерттеуі бойынша, 2019 жылдың басты түсі ретінде 16-1546 Living Coral немесе "қызғылт" реңк таңдалған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
2020 жылы қандай түс трендте болмақ
Mailfire view pixel