Выйти
RU

Имиджін өзгерткен Мөлдір Әуелбековаға жұрт сүйсініп қалды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Мөлдір Әуелбекова жұрт назарына жаңа образын паш етті. Желідегілер шаш үлгісін өзгерткен әншіні одан бетер жасарып кеткенін жарыса айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/moldir.auyelbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/moldir.auyelbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында имиджін өзгерткен суретін жариялап, оқырмандарын таңғалдырды.

Өнер иесі өзінің жаңа образына қатысты желідегілердің пікірін білу мақсатында оларға арнайы сауал қойған.

"Жарасады ма? Пікір қалдырыңыз! Қай нұсқа көп болады соны таңдаймын! Кеттік ендеше, ерінбей жазып маған көмектесіп жіберіңіздер халқым" , - деп жазды әнші.

Желі қолданушыларының басым көпшілігіне өнер иесінің жаңа имиджі ұнап қалса керек, олар Әуелбекованың бұл өзгерісіне оң пікірін білдіріп, оның талғамына жоғары бағалаған.

"Жарасады, жасарып шыға келдіңіз" , "Өте керемет өзгеріс, талғамыңыз тамаша" , "Маған ұнап тұрсыз" , "Осы имиджіңіз әлдеқайда жақсы" , "Сізге бәрі де жарасады ғой" , "Өзгеріп тұрған дұрыс. Бұрынғыдан да әдемі болып тұрсыз" , "Корей қызына ұқсап қалыпсыз, жарасымды" , "Жарасады, ғашық болдым" , - деп жазуда оқырмандар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Имиджін өзгерткен Мөлдір Әуелбековаға жұрт сүйсініп қалды (фото)
Mailfire view pixel