RU

Арықтап кеткен Алсудың күйеуін көпшілік танымай қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік танымал әнші Алсудың жолдасы Ян Абрамов ел алдына көп шыға бермейді. Алайда, бұл жолы жұлдызды әйелімен Филипп Киркоровтың қызының туған күніне барған 42 жастағы кәсіпкерді көпшілік танымай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/jasmin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/jasmin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Күйеуімен әдетте ел алдына шыға бермейтін Алсу бұл жолы туған күн кешіне жолдасымен қол ұстасып барған.

Әнші мен қыздары қаншалықты әдемі болып көрінгенімен, бұл жиында көпшіліктің назары оның жұбайы Янға түскен.

Танымал кәсіпкер бірнеше айда біраз салмақ тастанға ұқсайды.

Алсудың құрбысы әнші Жасмин Instagram парақшасында ерлі-зайыптылармен сурет жариялағаны сол еді, желі қолданушылары Ян Абрамовты қызу талқыға салған

Желі қолданушылары өнер иесінің күйеуі қатты арықтап кеткенін тіпті, кейбір оқырмандар Янды танымай қалғанын жазуда.

"Алсудың жолдасы сымбатты болып кетіпті" , "Бұл Алсудың күйеуі ма? Қалай қатты арықтап кеткен" , - деп жазуды олар.

Айта кетейік, танымал кәсіпкер Ян Абрамов пен әнші Алсу 2006 жылы шаңырақ көтерген. Олар бүгінде үш баланы тәрбиелеп отыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арықтап кеткен Алсудың күйеуін көпшілік танымай қалды (фото)
Mailfire view pixel