RU
Өзбекстандық танымал рэпер елдегі сайлауға түспек

Өзбекстандық танымал рэпер елдегі сайлауға түспек

Рассказать Вконтакте

Танымал өзбекстандық рэп жұлдызы Шохрух Чиланзар ауданының Кенғаштағы "Лябиховуз" тоғызыншы округінің халық депутаттығына "УзЛиДеп" партиясы атынан сайлауға түспек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CA-NEWS(UZ) басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстандық танымал рэпер елдегі сайлауға түспек

Фото: instagram.com/p/B5suz1JBzZN/?igshid=17zrhw8ttqm44

Алдағы сайлауға өз үміткерлігін ұсынатынын әртістің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, өмір тек музыкадан ғана құралмайды, сол себепті ол елі мен жері үшін осындай қадамға барыпты.

"Құрметті отандастар! Мен музыкамен қызығушылық ретінде айналысамын және өмірдің өзі тек әуеннен тұрады деп есептемеймін. Мен де туған жеріміздің дамуына үлес қосқым келеді. Бұған не дейсіздер?", - деп атап өтті әнші.

22 желтоқсан күні Өзбекстанда парламентке, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық кеңестерге сайлау өтеді.

Сайлау Өзбекстан Республикасының жаңа сайлау кодексіне сәйкес өткізіледі. Алғаш рет бес саяси партия ұсынылды.

Олар: "Милли тикланиш" демократиялық партиясы (Ұлттық жаңғыру), Өзбекстан Халықтық демократиялық партиясы, Кәсіпкерлер мен іскер адамдар қозғалысы - Өзбекстанның Либерал-демократиялық партиясы, "Адолат" социал-демократиялық партиясы және Өзбекстанның экологиялық партиясы.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel