RU

Әскери полиция бөлімі басшысының ұсталған сәті видеоға түсірілді

Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері әскери полиция бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әскери полиция бөлімі басшысын ұстаған сәт видеоға түсірілді
Фото: Видеодан кадр: UGC

Алматы облыстық гарнизонының әскери полиция жасағының жедел әрекет ету бөлімінің бастығы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелуде.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызсметінде қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Ведоствода күдіктінің ұсталған сәті түсірілген видео ұсынылды.

Бейнероликтің кадрларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің одан ірі соманы тәркілеп жатқанын көруге болады.

Купюраларды ультракүлгін сәулесімен жарықтандырған кезде олардың әрқайсысында "пара" деген сөз жазылғаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанның лауазымды тұлғалары, транспорттық бақылау инспекциясының қызметкерлері жүйелі түрде пара алғаны туралы хабарлаған едік.

2017 жылдан бастап Қазақстанда транспорттық бақылау қызметкерлеріне қатысты 99 қылмыстық іс қозғалған.

Олардың көбісі қызметін асыра пайдалану және пара алу деректері бойынша қозғалған.

Қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы қызметтегілер Нұр-Сұлтандағы жүйелі пара алу дерегін зерттеп жатыр.

Күдіктілер - транспорттық бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары болып шыққан.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1830732-skeri-policia-blimi-bassysyn-stagan-st-videoga-tsirildi.html