RU

15 млн доллар: Испанияда әлемдегі ең қымбат шырша орнатылды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Испанияның Малага провинциясындағы Марбелья курорттық қаласында орналасқан "Кемпински Байя" қонақ үйінде әлемдегі ең қымбат шырша орнатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Mir24.tv-ға сілтеме жасай отырып.

Фото: Kempinski Hotel Bahia

Фото: Kempinski Hotel Bahia

Daily Mirror басылымының мәліметінше, мерекелік шыршаның бағасы – 12 миллион фунт стрелинг (15 млн 787 мың доллар).

Ұзындығы алты метрді құраған рождестволық шыршаны безендіруге Сваровскийдің үш мың кристалы пайдаланылды. Одан бөлек, алтынмен және алмазбен көмкерілген түйеқұстың жұмыртқалары ілінген. Сондай-ақ шырша жақұт және гауһар тасты әшекейлермен және сәнді маталармен безендірілді.

Ал әлемдегі ең қымбат дизайнер саналатын британиялық Дебби Вингхем аталған мерекелік шыршаға арнайы өз қолымен 500 декор элементін жасап шықты.

Белгілі болғандай, қонақ үйдегі ерекше ағаш тәулік бойы күзетіледі екен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматының бас шыршасы қашан жағылатынын хабарлаған болатынбыз.

"Мерекелік алаңдарға келетін болсақ, мұнда полиорталықтандыру қарастырылған. 8 алаң болады. Барлығына жасыл шырша орнатамыз. Мерекелік шоу-бағдарламаны да ойластырып қойдық. Ең үлкен шыршаны "Астана" алаңына орнатамыз. Шыршаның шырағын жағу рәсімі 18 желтоқсанға жоспарланған", – деді Алматы қалалық мәдениет басқармасының бастығы Ернар Құрмашев.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
15 млн доллар: Испанияда әлемдегі ең қымбат шырша орнатылды (фото)
Mailfire view pixel