RU

Бес баласының біреуін екі мың долларға сатқан ана ұсталды

Американың Кентукки штатында бастауыш мектептің алдында туған баласын бөтен біреулерге сатқан әйел тұтқындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

The Sun басылымының ақпарынша, 31 жастағы Мария Доминго-Перез өзінің бес баласының біреуін белгісіз бір жұпқа сатқан. Оқиға бастауыш мектеп ғимаратының алдында болған. Сатып алушылар безбүйрек анаға екі мың доллар төлепті.

Мектепте осы оқиға жайлы қауесет тараған. Нәтижесінде полиция қызметкерлері әйел мен сатып алушыларды – 37 жастағы Катарина Хосе Фелипе мен 45 жастағы Хосе Мануэль Паскальді қолға түсірді.

Басында безбүйрек ананың полицияға берген жауаптары жалған болып шыққан. Алайда, кейіннен ол кінәсін мойындапты. Құқық қорғаушылар баланың жасы мен жынысына қатысты ақпарат берген жоқ.

3 желтоқсан күні ұсталғандарға баланы сату мен сатып алу бойынша айыптар тағылды. Саудаға салынған бала мен әйелдің қалған төрт баласы қазіргі уақытта мектеп қызметкерінің қарауында қалып отыр.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында Алматыда туған баласын сатқан ана тұтқындалғанын хабарлаған едік. Ол кезде 23 жастағы келіншек туған баласын 400 мың теңгеге бағалап, таныстарына хабарландыру берген.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1830742-amerikada-balasyn-2-my-dollarga-satkan-ana-staldy.html