Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың Германиядағы кортежінің видеосы жарияланды

Опубликовано:

Қазақстан президентінің көмекшісі Аида Балаева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежі бейнеленеген видеоны жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: Instagram / aida_balayeva
Видеодан кадр: Instagram / aida_balayeva: Facebook

Президент көмекшісі бейнеролитк Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына салған.

Жарияланған ролик кадрларында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғимараттан шығып, Германия тарапы ұсынған, неміс өндірушілерінің Mercedes-Maybach маркалы көлігіне отырғаны байқалады.

Мемлекет басшысы мінген автокөлікке тағы бірнеше Mercedes маркалы көлігі мен жеті полиция мотоциклі ілесіп жүр.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға 5-6 желтоқсан күндері мемелекеттік іс-сапары болатыны хабарланды.

Германияға ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел канцлері пен Ангела Меркельмен кездесті. Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан басшысы мен Германия канцлері келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілген.

Сондай ақ білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселесі сөз болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1830743-tokaevty-germaniadagy-kortezini-videosy-zarialandy/

pixel