RU
Айлакер әжей немересінің жаялығына алтын тығып, шекарадан өтпек болған (фото)

Айлакер әжей немересінің жаялығына алтын тығып, шекарадан өтпек болған (фото)

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның шекара қызметкерлері Қазақстанмен шекаралас аймақтағы “Гишткуприк” бекетінде егде жастағы әйелді ұстады. Ол шекарадан екі жасар немересінің жаялығына 1 келіден астам алтын тығып өтпек болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ca-news.org жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Фото: ca-news.org

Фото: ca-news.org

Өзбекстан мемлекеттік кеден комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, әжей алты алқа, төрт білезік және бір жүзікті немересінің жаялығына тығып, шекарадан заңсыз алып өтпек болған.

Жарияланбаған әшекей бұйымдарының жалпы салмағы 1 келі 115 грамды құраған. Алдын ала есептеу бойынша, алтын бұйымдар 334 миллион 500 мың сомға (35 мың доллардан астам) бағаланған

Еске сала кетейік, қараша айында белгісіз біреулердің Британияға мұздатылған фарштың ішінде ірі көлемде кокаин тығып өтпек болғанын хабарлағанбыз.

Есірткі тиелген жүк көлігі Британияның оңтүстік-шығысындағы Харвич қаласына қарай бағыт алған. Голландиялық фирманың атына тіркелген көлктің жергілікті Хук-ван-Холланд портынан шыққаны белгілі болды.

Жалпы, жүк көлігінен мұздатылған фарштың ішіне жасырылып, қораптарға қапталған 200 келіден астам кокаин анықталды. Есірткінің бағасы 20 млн фунттан астам ақшаға бағаланып отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
6
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel