RU

Өскемендегі "Сергек" кей жүргізушілер ереже бұзбаса да айыппұл жазған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өскемендіктерге бұзылмаған жол қозғалысы ержелері үшін айыппұл төлеу туралы ұйғарым келген. Белгілі болғандай, интеллектуалды жүйенің баптауында ақаулар пайда болыпты. Айыппұлдар алынып тасталды. Ал жоқ қарызын өтеп үлгергендерге ақшалары қайтарылып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Желтоқсан айының басында Өскемен тұрғындарына жол қозғалысы ережелерінің бұзылғаны туралы хабарлама келген. Адамдар мұның қалай болғанын ұғына алмаған. "Сергек" камералары қар мен төмен температураға байланысты жалған кемшіліктерді тіркеген.

"Ауа-райы жағдайлары камералардың техникалық ақаулығын тудырды: онда болмаған бұзушылықтар тіркелген. Интернациональная көшесінен Тимофеевке дейінгі жол учаскесінде мәселелер туындады", - деді "Көркем Телеком" ЖШС баспасөз қызметі.

Өскеменде "Сергек" камераларын орнату осы жылдың жаз маусымында басталған. барлық қиылыстар мен бірнеше линиялы учаскелер жабдықталған. ЖШС-нің айтуынша, жазылған ереже бұзушылық әрдайым полицияның сүзгісінен өтеді.

"Интеллектуалды комплекстер айыппұлды автоматты түрде жазып отырады. Полицейлердің электронды цифрлы қолтаңбасымен расталғаннан кейін жүргізушілерге жіберіледі", - деді компания.

Ақаулық жойылып, қате ұйғарымдар жоққа шығарылған. Алайда, кейбір автокөлік жүргізушілері ереже бұзғаны үшін төлем жасап үлгеріпті.

"Ақша қайтарылатын болады. Қайтару жақын арада аяқталады. Компания Өскемен жүргізушілерінен кешірім сұрайды", - деді "Көркем Телеком" ЖШС баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өскемендегі "Сергек" кей жүргізушілер ереже бұзбаса да айыппұл жазған
Mailfire view pixel