Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасының Меккедегі Қағба ішіне кіргендегі алғашқы тілегі қандай болды (видео)

Опубликовано:

Елбасы баспасөз қызметінің Instagram парақшасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылы берген сұхбатының видеосы жарияланды. Сұхбат барысында Назарбаев Меккедегі Қағбаның ішіне кіргенде ең алғаш қандай тілек тілегенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Akorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Akorda.kz: Facebook
"Меккеде Алланың үйі Қағбаның ішіне кіріп тұрғанда ең бірінші тілеген тілегім – халқыма жақсылық. Осы қиын-қыстаудан елімді аман-есен алып шығып, жақсы өмірге жетуге бізді қолдай көр дегенмін", – деп ағынан жарылды Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы өз сөзінде халықтың жарқын болашаққа сеніп, әр азаматтың сол мақсатқа жету жолында атсалысуы керек екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, 15 қараша күні – теңгенің туған күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде ұлттық валютаны қалай енгізгені жөнінде жазғанбыз.

Қазақстанның Тұңғыш президенті 1993 жылғы 12 қарашада Ұлттық валютаны енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Сол күні кешке телевидение арқылы осы мәселемен Қазақстан халқына үндеу жолдады. Президенттің үндеуі мен сәйкес жарлықтар, қаулылар мен теңгені айналымға енгізу туралы нұсқаулар ресми баспасөз құралдарында 13 қарашада жарық көрген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1830762-elbasyny-mekkedegi-kagba-isine-kirgendegi-algasky-tilegi-kandaj-boldy-video/

pixel