RU
Алик Шпекбаев басшылар қандай жағдайда отставкаға кететінін түсіндірді

Алик Шпекбаев басшылар қандай жағдайда отставкаға кететінін түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев қоластындағы қызметкерлерінің жемқорлық әрекеті үшін басшылардың отсавкаға кетуін қарастыратын жаңа заңнама номаларын толығырақ түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алик Шпекбаев. Фото: kyzmet.gov.kz

Алик Шпекбаев. Фото: kyzmet.gov.kz

Қараша айының соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші басшылардың өздеріне тікелей бағынышты адамдарының сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін дербес тәртіптік жауапкершілікке тартылуына қатысты заңға қол қойды.

Атап айтқанда, қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін басшылардың міндетті түрде отставкаға кетіп, жоғары лауазымдарынан айырылуы жөнінде құқықтық норма енгізілді.

Алик Шпекбаев өзінің Facebook парақшасында бұл санатқа жататын саяси мемлекеттік қызметкерлерді атап өтті.

Айтуынша, бұл тікелей президентке есеп беретін министрлік басшылары мен орынбасарлары, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен орынбасарлары, аймақ басшылары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері.

Сондай-ақ Шпекбаев отставкаға кету тәртібін түсіндіріп өтті.

Біріншіден, басшылар сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша кінәлі деп танылған қызметкеріне қатысты сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін отсавкаға кетуге өтініш беруі керек. Немесе, мемлекеттік қызметкерге қатысты іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған кезде.

Бұл жағдайда басшы өтінішті 10 күн ішінде беруі қажет.

Екіншіден, шенеунік басшылық қызметіне тағайындалғанына 3 ай өткен жағдайда ғана отставкаға кетеді.

Сонымен қатар, Шпекбаев саяси қызметкерді тағайындаған адам ғана отставка туралы шешім қабылдайтынын атап өтті.

Алайда, ол әкімшілік жетекшілердің бұндай жағдайда дисциплинарлық тәртіпте жауапқа тартылатынын жеткізді.

Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалар өз құзырындағы мекемелерде сыбайлас жемқорлықты жою үшін алдын-алу шараларын жүргізбегені үшін де жауапқа тартылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының айтуынша, қазіргі уақытта басты мақсат – "басшыларды осындай фактілерді болдырмау үшін сөзбен емес іспен әрекет етуге мәжбүрлеу".

Ол жаңа құқықтық нормалардың 10 желтоқсанда заңды күшіне енетінін еске салды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel