RU

Назарбаев әуежайында оқ атылды: Оқыс оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда оқ атылып, үш адам зардап шекті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ааааа
Нұр-Сұлтан қаласының аэропорты. Фото: NUR.KZ: Original

Оқиға 3 желтоқсанда болған. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болды.

"Жоспарлы оқу-жатығулар кезінде қаруды дұрыс пайдаланбаған қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері абайсызда оқ атқан. Соның салдарынан үш маман жарақат алды. Біреуі медициналық көмектен бас тартты. Екеуі орта дәрежеде жарақат алған.
Олар қаланың медициналық мекемелерінде емдеу курсынан өтіп жүр", - деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай өкілі Sputnik Қазақстанға.

№1 қалалық аурухананың мамандары көмекке жүгінген екі қызметкердің жағдайы туралы мәлімдеді.

Травматологиялық және шұғыл көмек көрсету бөлімінің меңгеруші Алексей Солодтың сөзінше, бір адамның табанына оқ тиген. Бірақ жарақаты ауыр емес екен. Сол себепті оны амбулаториялық емдеуге ауыстырды.

"Екінші адам ауруханада жатыр. Оның жағдайы орташа: дене қызуы жоқ, жарасы іріңдемеген. Негізі, оқтың жарасы жай нәрсе емес. Дегенмен, пациенттің жағдайы жақсарып келеді. Оқ табанына тиген", - деді Солод Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Қазіргі кезде ішкі қызметтік тергеу басталды. Көліктегі ішкі істер органдары да сотқа дейінгі тергеу шараларын қолға алды.

"Осы факт қылмыстық кодекстің 114-бабы, 3-бөлігі (денсаулыққа абайсызда зиян келтiру) бойынша Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді", - дейді құқық қорғаушылар.

Бұл бапқа сәйкес, кінәлі адам бір мың айлық есептік көрсеткішке (2 миллион 525 мың теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады.

Сондай-ақ, төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1830779-nazarbaev-uezajynda-ok-atyldy-okys-okigany-mn-zajy-belgili-boldy.html