RU

"Көкала қойдай": Ақтөбеде жалғызбасты ананың ұлы балабақшадан таяқ жеп қайтқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік жалғызбасты ана Ару Самұратова БАҚ өкілдерінен көмек сұрайды. Айтуынша, жеке балабақшаға барып жүрген 2 жастағы ұлы 30 қараша күні үйге көкала қойдай болып, көгеріп келген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Көкала қойдай": Ақтөбеде жалғызбасты ананың ұлы балабақшадан таяқ жеп қайтқан

Ару Самұратова. Фото: KAZ.NUR.KZ

Жалғызбасты анаға жеке балабақша басшысы мардымды жауап бермек түгілі, жағдайды түсіндірмеген. Керісінше, полицияға жазған арызын қайтып алуды талап етіп жатыр.

"Баламды "Әмір" балабақшасына әкеліп жүргеніме бір ай болды. 30 қараша күні бала үйге келгенде денесі көгеріп тұрды.

Денесінде тістелген іздер бар. Балабақшадағы балалар тістеген және баламның денесінде саусақтың іздері көгеріп қалып қойған.

Балам еденге дәрет сындырып қойғанда апайының ұрғанын айтты. Арқасы, аяғы көгерген. Баламның бетінен бастап, барлық жері тістелген", - дейді Ару Самұратова.

Келіншек екі баласын балабақшаға әкелгені үшін айына 30 мың теңгеден аса ақша төлеп отыр екен.

"Мен бұл жағдайға қатысты полицияға арыз жаздым. Балабақшаға келіп жағдайды сұрағанымда іштегі видеоны да көрсетпей отыр. Балабақша басшылары өзімді қорқытты. "Сенің үстіңнен арыз жазып, балаларыңды ешқандай балабақша алмайтындай қыламын" деп отыр", - деді Ару Самұратова.

Жағдайды анықтау үшін балабақша басшысымен байланысу мүмкін болмады. Есігін іштен жапқан ғимаратқа арызданып келген ата-ананың өзі кіре алмай кетті. 

Десек те, мәселені қалалық білім бөлімі анықтауға уәде берді.

"Бұл жағдай бойынша бізге ақпарат түскен жоқ. Арыз бойыншы жұмыс жасалып, балабақшадағы жағдай анықталады", - дейді қалалық білім бөлімінің эалпы және орта білім беру секторының инспекторы Ақмарал Ертаева.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Көкала қойдай": Ақтөбеде жалғызбасты ананың ұлы балабақшадан таяқ жеп қайтқан
Mailfire view pixel