RU

ҰҚК әйгілі "Олимп" букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу жүргізуде (видео)

Рассказать Вконтакте

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты тергеу жүргізуде. Тергеуге заңсыз ойын бизнесінің ұйымдастырылуы негіз болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Күштік құрылым ведомствосының баспасөз қызметі мәлім еткендей, букмекерлік кеңсе қажетті лицензиясыз интернет-ресурстар арқылы қызмет көрсеткен.

Оның үстіне, заңсыз ойын ұйымдастырушылары белгілі бір табыс тауып отырған. ҰҚК баспасөз қызметінің ақпарынша, бұл салаға ешқандай салық салынбаған.

Сонымен қатар, Алматы ҰҚКД қызметкерлері ел аумағынан заңсыз ақша шығарудың жолын кесті.

Ведомствоның баспасөз қызметі қаржылық қылмыс саласына жатқызуға болатын басқа да әрекеттер барын мәлімдеді. Алайда, нақты қандай заңбұзушылықтар болғаны аталмай отыр.

Оңтүстік астананың мамандандырылған ауданаралық соты "Олимп" букмекерлік кеңсесінің сауда маркасымен "Only bet" ЖШС және "Alpha bet" ЖШС-не берілген лицензияны жарты жылға тоқтатуға шешім шығарды.

Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар тергеу жүргізіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесінің заңға қайшы әрекеттерінің ауқымын анықтап жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ҰҚК әйгілі "Олимп" букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу жүргізуде (видео)
Mailfire view pixel