RU

Таразда оқушы қыз зорланғаны үшін Мырзахметов отставкаға кете ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жетінші сынып оқушысының зорланғаны үшін отставкаға кету мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асқар Мырзахметов. Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Асқар Мырзахметов. Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Журналистер аймақ басшысына Тараз мектебінің дәретханасында 7-сынып оқушысының зорлануына байланысты отставкаға кетуге ниеті бар ма деген сұрақ қойған болатын.

"Отставкаға кетуім керек деп есептейсіз бе?", – деп сұраққа сұрақпен жауап қайтарды Мырзахметов.

Ол заңға сәйкес, басшының қоластындағы қызметкері сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасаған жағдайда отставкаға кетуі тиіс екенін БАҚ өкілдерінің есіне салды.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда мектеп оқушысының дәретханада зорлану оқиғасына байланысты облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ аталған қайғылы оқиғадан кейін Тараз полициясының бірнеше қызметкері жазаланған болатын.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушысының сабақ кезінде даладағы әжетханада зорлануы оқиғасынан кейін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды бұйырды. Қоғамды дүр сілкіндірген жағдайдан кейін президент Жамбыл облысының әкіміне сәйкес тапсырма берді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таразда оқушы қыз зорланғаны үшін Мырзахметов отставкаға кете ме
Mailfire view pixel