RU

Ауа райының күрт бұзылуынан Қазақстанның бірнеше облыстарында жол жабылды

Ауа райының күрт бұзылуынан республиканың бірнеше облыстарында жол жабылды. Қолайсыз ауа райынан Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында көлік жолдары жабылды деп жазады KAZ.NUR.KZ. ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Шығыс Қазақстан облысында 6 желтоқсан күні күндізгі сағат 12:30-да қалың қар мен көктайғақтың салдарынан жүк және жолаушылар көлігі үшін, "Алматы-Өскемен", "Таскесен-Бақты", "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы", "Өскемен-Семей" бағытындағы республикалық маңызы бар жолдар жабылды.

Ал 14:30-да облыстық маңызы бар "Семей-Курчатов" автожолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектетілді.

Ақтөбе облысында 6 желтоқсанда кешкі 17:30 уақытында ақ түтек боран салдарынан республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент" тас жолында көліктің барлық түрі үшін, қозғалыс шектетілді.

Қостанай облысында кешкі 18:00-де қалың жауған қар және боранның салдарынан республикалық маңызы бар "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған", "Мамлютка-Қостанай", "Екатеринбург-Алматы" бағытында жүк және жолаушылар көлігіне жүруге тыйым салынды.

Айта кетейік, бұған дейін СҚО, Қостанай, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында алдын ала дауылды ескерту жарияланған еді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1830802-aua-rajyny-krt-bzyluynan-kazakstanny-birnese-oblystarynda-zol-zabyldy.html