RU
Ақмола облысында төрт балалы әйел 80 тонна астықтың астында қалып, мерт болды

Ақмола облысында төрт балалы әйел 80 тонна астықтың астында қалып, мерт болды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында қамбада оқыс оқиға болып, төрт баласы бар көп балалы ана қайтыс болды. 46 жастағы келіншек бетон плита мен 80 тонна астықтың астында қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілте жасап.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Оқиға астық кептіру кезінде орын алған. Жоғары қабатта бетон жабындысы опырылып, оператор болып жұмыс істейтін 46 жастағы келіншектің үстіне 80 тонна астық құлаған.

Оқиға орнына барлық құтқары қызметі жұмылдырылғанмен, көп балалы ананы аман алып шығу мүмкін болмапты. Марқұм оқиға орнында қаза жан тәсілім еткен. Келіншектің артында төрт баласы жетім қалған.

"Оқиға орнында астықты тазартуға арналған ауылшаруашылығы техникалары жұмылдырылды. Содан кейін ғана құлаған бетон плитаны көтеруге мүмкіндік туды. Әйел адам сол жерде жан тапсырған.

Көп балалы ана аталмыш жерге тек биылғы жылдың тамыз айында ғана жұмысқа тұрған.

Қазір сот медициналық сараптама тағайындалып, еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына қатысты қылмыстық іс қозғалды", - дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
13
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel