RU
Алматы тұрғыны қаңғыбас төбетке пневматикалық қарудан оқ атқан

Алматы тұрғыны қаңғыбас төбетке пневматикалық қарудан оқ атқан

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның көшеде пневматикалық мылтықпен жүріп, қаңғыбас төбетке оқ атып жатқаны бейнеленген видео таратылуда. Хабарламада айтылғандай, ол жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы тұрғыны қаңғыбас төбетті пневматикалық қарудан оқ атқан

Фото: Видеодан кадр

Таратылып жатқан видеода ер адам мылтықпен өз құрбанын іздеп жүр. Бейнеде "Бұл жолы тірі емес" деп жазылған.

Бірнеше оқ атылғаннан кейін, ол нысанаға тиген сыңайлы. Cебебі содан соң жануар қатты қыңсылап, қашып кетті.

Оңтүстік астананың полиция департаментінің баспасөз қызметінде түсіндірілгендей, оқиға осы жылдың 5 қыркүйегінде видеоға түсірілген.

Аңшы Алатау ауданында тұратын 42 жастағы ер адам болып шықты. Ол полицияға қаңғыбас итті тек қорқытқысы келгенін, оған зиян тигізу жайлы ойламағанын сөз етті.

Ведомствода оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті. Алайда, оны әлі бермегеніне қарамастан, алматылықтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 484 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Аталған бап қару мен оның оқтарын сақтау және сатып алу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Таразда қаңғыбас жануарларды аулағыш бригада қызметкері көшеде баланың көзінше ит атқан. Оқиға қаладағы үйлердің біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel