RU

Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалаға қарасты Белкөл кентіндегі бірнеше нысанның ашылу рәсіміне қатысты.

Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі: UGC

6 желтоқсан күні, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Белкөл кентінде құны 158 млн. теңге болатын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған жаңа дәрігерлік-амбулатория ел игілігіне берілді. Жұртшылықтың көптен күткен қуанышына қала әкімі Н.Нәлібаев ортақтасып, бұл ауқымды жобаны жүзеге асыруды қолға алған мердігер мекеме «АХАТ - ГС» ЖШС ерекше алғысын жеткізді.

Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі: UGC

"Қаламен қатар, қалаға қарасты елді-мекендердің әлеуметтік-экономикалық және инженерлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Бүгін біз, Сіздермен бірге тағы да осындай игілікті істің куәсі болғалы тұрмыз.

Атап айтқанда, кент орталығынан заманауи медициналық амбулатория ғимаратын ел игілігіне табыстағалы тұрмыз.

Жаңа дәрігерлік амбулатория кент халқына медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық құралдармен қамтамасыз етілген.

Бұл біріншіден ел тәуелсіздігінің арқасында қолға алынған тың бастамалар мен халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалардың мәуелі жемісі. Жаңадан ашылғалы тұрған бұл ғимарат, халықтың игілігі үшін қызмет етсін»,-деді шаһар басшысы.

Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі: UGC

Осындай оң, игі істің жалғасы, кентте «Әмина - Жұлдызай» ойын – спорт алаңы балалар игілігіне пайдалануға берілді.

Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі: UGC

Жалпы құны 13 млн. 800 мың теңгені құрайтын бұл ойын алаңы қала әкімінің тікелей қолдауымен мердігер мекеме «Гүлнұр МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы салынды.

Сонымен қатар, Қала әкімі өңірімізде кең өріс алған кәсіпкерлікті қолдаудың арқасында кент жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Әсет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалануға берген жаңа нысанында болды.

Бұл кешен, қалалық спорт бөлімімен келісім - шартқа отыру арқылы жергілікті жастарға «Дзю - До», «Үстел теннисі» және «Каратэ - До» үйірмелерін ұсынып отыр.

Сонымен қатар, бұл кешенде 90 оқушыға шақталған «Әл - Әзиз» оқу – шығармашылық орталығы және көлік жуу, монша, шаштараз секілді қызмет көрсету орныдары қарастырылған.

Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі: UGC

Айта кету керек, Қызылорда қаласы басқа өңірлерден спорт саласындағы айтулы жетістіктерімен ерекшеленеді. Биылдың өзінде қала әкімдігіне қарасты «Қажымұқан» клубының спортшылары Әлем, Азия және ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 121 рет жеңіс тұғырынан көрінді. Оның ішінде 7 спортшы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1830823-kyzylorda-kalasynda-birkatar-leumettik-nysandar-asyldy.html