Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баландин АҚШ-та жүзу бойынша ашық чемпионаттан "алтын" жеңіп алды

Опубликовано:

Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин 4 желтоқсан күні басталған жүзуден АҚШ-тың ашық чемпионатына қатысты. Спортшы 100 метр қашықтықта жүзіп, мәреге бірінші болып жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Баландин АҚШ-та жүзу бойынша ашық чемпионаттан "алтын" жеңіп алды
Дмитрий Баландин. Фото: ҚР ҰОК: UGC

Спорттық жарыста Баландиннен басқа Әділбек Мусин да өнер көрсетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Порталда қазақстандық спортшының 100 метр қашықтыққа кеуде соққысымен жүзіп өткені мәліделді. Ол бұл қашықтықты 59.36 көрсеткішімен жеңіп, бірінші орынды иеленді.

Содан кейін 59.54 нәтижесімен америкалық жүзуші Андрю Уилссон мәреге жетіп, екінші орынды иеленді. Ал үшінші орынға Коди Миллер жайғасты, оның нәтижесі 59.92 болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық спортшы даулы сот процесіне қатысты екені хабарланған болатын. Оның автокөлігінен айнаның ұрлап кеткендігі туралы ақпарат пайда болды.

Қылмыс бұрын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қаза тапқан орынға жақын жерде жасалған.

Ұрлық жасады деп күдіктелген азамат сотқа келген кезде мұндай қадамға не үшін барғанын сөз етті. Оның айтуынша, ол сол кезде жүкті болып, жалғыз тұрған әпкесіне ақшалай көмек көрсетуді ойлаған.

Айыпталушы 3 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін екені хабарланды. Алайда сот жеңілірек үкім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830850-balandin-aks-ta-zzu-bojynsa-asyk-cempionattan-altyn-zeip-aldy/

pixel