Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғаламтор арқылы түстенетін жер іздеген келіншек күйеуінің опасыздығын әшкереледі

Опубликовано:

АҚШ-тың Вирджиния штатының тұрғыны мейрамханада отырып, түскі ас ішкісі келген. Ең жақсы жерді таңдағысы келген ол ғаламтор арқылы дәмханалар тізімін қарай бастайды. Осылайша мейрамханалардың бірінің сайтына кірген ол, өз күйеуінің опасыздығының куәсі болады деп жазады KAZ.NUR.KZ 120.su-ға сілтеме жасап.

Ғаламтор арқылы түстенетін жер іздеген келіншек күйеуінің опасыздығын әшкереледі
Фото: 120.su: UGC

Келіншек түскі асқа бару үшін ғаламтордағы мейрамханалардың тізімін қарай бастаған. Осылайша оның көзі "Trummers" атты дәмханаға түскен.

Атының жасырын қалуын қалаған келіншек мейрамхананың ас мәзірі мен бағаларын білу үшін сайтқа кірген. Алайда өзі үшін күтпеген көріністің куәсі болған.

Келіншек сайттан үстел басында тамақтанып отырған адамдар бейнеленген суреттерді көрген.

Алайда солардың ішіндегі тек біреуі ның назарын өзіне ерекше аударған. Оның дастархан басында ер адам мен бір келіншектің шарап ішіп отырғанын көзі шалған.

Белгілі болғандай ер адам өзінің күйеуі болып шыққан. Ал оның жанындағы келіншекті әйел адам мүлде танымайды екен.

Осы жағдайдан кейін оқиға кейіпкері күйеуінің өзіне опасыздық жасап жүргенін ойлап, күдіктеніп қалады. Өкінішке орай, келіншектің күдігі расталды.

Отбасылық жанжал туралы мәлімет берілмейді, бірақ бұл оқиға өздерінің некелерін бағаламайтындардың бәріне жақсы сабақ болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1830871-galamtor-arkyly-tstenetin-zer-izdegen-kelinsek-kjeuini-opasyzdygyn-skereledi/

pixel