RU
Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Танымал қазақстандық экономист, Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов мемлекет басшысының экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олжас Құдайбергенов Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Фото: akorda.kz

Бастапқыда бұл жаңалық сатясаткер Ербол Еділовтің telegram-арнасында пайда болды.

Тағайындау туралы ақпаратты Sputnik Қазақстан басылымына президент кеңесшісінің өзі растады.

Ол 3 желтоқсанда жаңа лауазымға ие болғанын хабарлады.

Құдайбергенов өзінің жаңа лауазымы - тек қоғамдық екенін атап өтті. Өз жұмысы үшін оған жалақы немесе қаламақы, сондай-ақ президентінің резиденциясында кабинет берілмейді.

Мемлекет басшысының жаңа кеңесшісі 37 жаста. Ол CSI консалтингтік компаниясының аға серіктесі қызметін атқарады. Мемлекеттік және орыс тілдерін жетік меңгерген.

Қазақстандық көшбасшының жаңа кеңесшісі - Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің түлегі. Халықаралық экономикалық қатынастар бойынша маман дипломы бар. Сондай-ақ КИМЭП-ті де бітірген.

Бұдан басқа, ҰКП Төралқасы жанындағы Экономикалық сараптамалық кеңестің мүшесі болып табылады.

Экономиканың әртүрлі секторларында 16 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

Бірнеше жыл бұрын Ұлттық Банк Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды, кейін Қазақстан экономистері қауымдастығының атқарушы директоры қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel