RU

Алматыда анасы мен ұлының улануы: Қайғылы жағдайдың себептері белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда әйел адам мен оның 30 жастағы ұлы үйлерін жәндіктерге қарсы дәрімен залалсыздандырғаннан кейін жан сақтау бөліміне түсіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда анасы мен ұлының улануы: Қайғылы жағдайдың себептері белгілі болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде олардың зардап шеккендер "Палач" деп аталатын ресейлік өнімді қолданғанын айтты. Удың құрамына орташа қауіпті заттар кіреді.

Өнім нұсқаулығында оны тек үйде ешкім жоқ кезде, бөлме терезесін ашып қойып қолданылу керек екені жазылған. Залалсыздандырғаннан кейін, дәрі себілген барлық жер сабын мен сода ерітіндісімен тазалалануы қажет еді.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккен анасы мен ұлы қауіпсіздік ережелерін бұзғандықтан, жәндіктерге арналған дәрі-дірмекпен уланып қалған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда анасы мен ұлының уланғаннан кейін жан сақтау бөліміне жатқызылғаны туралы хабарланған болатын.

Науқастардың жағдайы ауыр болғаны сонша, олардың өкпелері істен шыққан. Зардап шеккен ананың қызы пәтердің ішінде бірнеше ғана сағат болған. Алайда оның көру қабілеті күрт нашарлапт қалған.

Кейін ақ халаттылар әйел мен оның ұлының әлі де жан сақтау бөлімінде екенін айтты. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда анасы мен ұлының улануы: Қайғылы жағдайдың себептері белгілі болды
Mailfire view pixel