RU

Садриддин Ахмедов аргентиналық қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) өзінің кәсіби рингтегі кезекті кездесуін өткізіп, жеңіске жетті деп хабарлайды Prospports.kz.

vvvvvv

Садриддин Ахмедов. Фото: prosports.kz

Монералда Ахмедов аргентиналық Хосе Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) жұдырық түйістірді.

Садриддин жетінші раундта қарсыласын терең нокаутқа жіберіп, жекпе-жекте жеңімпаз атанды.

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірердің алдында-ақ оны бұрыштан-бұрышқа қуалап, әбден соққының астына алған.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері үшін бұл 2019 жылғы 5-ші жекпе-жек болатын. Садриддин олардың төртеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ахмедовтің осымен кәсіби рингте 11 жеңісі бар және ол өзінің жеңісті жолынан жаңылмай келеді. Ал Вильялобос үшін бұл алтыншы жеңіліс екен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Садриддин Ахмедов аргентиналық қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)
Mailfire view pixel