RU
Қарағандыдағы тергеу изоляторында тұтқынның мәйіті табылды

Қарағандыдағы тергеу изоляторында тұтқынның мәйіті табылды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыдағы АК 159/1 тергеу изоляторында қамауға алынған адамды өлтіріп тастаған. Соққыға жығылған және тұншықтырылған тұтқынды оқшаулау бөлімінің бақылаушысы тауып алыпты. Оқиға орнына дәрігерлер мен полиция келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

n8hvt

Көрнекі фото: NUR.KZ

Тергеу изоляторы басшылығының айтуынша, ер адам № 85 камерадан табылған.

Аймақтың полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті азамат өз камерасындағы жазасын өтеушіге азғындық жасағанын мойындаған.

«Қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - дейді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі камерадағы азаматтар арасында жанжал шығып, оның соңы өліммен аяқталғанын мәлімдеді.

Қайтыс болған ер адам тергеу амалдары негізінде қамауға алынған. Қылмыстық іс әлі де тергелу мерзімінде болғандықтан, оған қатысты сот тыңдалымы өтпепті.

Тұтқындау туралы санкцияны Октябрь аудандық соты шығарған. Ер адам Қарағанды қаласының Майқұдық ауданында ұрлық жасады деген күдікке ілінген.

51 жастағы азамат тергеу изоляторына тамыз айында қамауға алынған.

Сіздің реакцияңыз
4
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel