RU
Қазақстанда іздеуде болған қылмыскерді Нью-Йорк полициясы ұстады

Қазақстанда іздеуде болған қылмыскерді Нью-Йорк полициясы ұстады

Рассказать Вконтакте

Америка Құрама Штаттарының иммиграциялық және кедендік полициясы Нью-Йоркте Қазақстан билігі іздеген қылмыскердің ұсталғандығы туралы хабарлады деп жазады ведомствоның сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

нъбббб

Көрнекі фото: cbc.ca

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, елде өткізілген 5 күндік операция нәтижесінде тәртіп сақшылары Нью-Йоркте елдің иммиграциялық заңдарын бұзған 12 шетелдік азаматты ұстаған.

  • Олардың барлығы қамауға алынды.

Сонымен қатар, полицияның хабарламасында айтылғандай, тұтқындалғандардың бәрі Нью-Йоркте өз елдеріндегі сот төрелігінен жасырынып жүрген болып шықты.

Ұсталған азаматтардың бірі Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеген қылмыскер екені анықталды. 27 жастағы ер адам тонау қылмысы бойынша өз Отанында бес жылға сотталыпты.

Сонымен қатар, шетелдік қашқындар тізімінде Ресей Федерациясы, Мексика, Жапония, Колумбия, Чили және Аргентина елінің азаматтары бар.

Олардың барлығы қазіргі уақытта қамауда отыр. Жақын күндері тұтқындалушыларға қатысты сот тыңдалымы өтіп, олардың тағдыры шешілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қарағандыдағы тергеу изоляторында тұтқындағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel