RU
"Жыл әншісі": Димаш Құдайберген Ресейде тағы бір марапатқа ие болды

"Жыл әншісі": Димаш Құдайберген Ресейде тағы бір марапатқа ие болды

Рассказать Вконтакте

Ерекше үнімен күллі әлемді аузына қаратып келе жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейде "Жыл әншісі" атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

димаш

Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қуанышты жаңалықпен жас жұлдыздың өзі Instagram желісіндегі ресми парақшасында бөлісті.

"Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді.

Бүгін «Жыл әні» сыйлығында мен Ресейдегі "Жылдың ең үздік әншісі" деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рахмет.

Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша Қазақстандықтардың және барлық #dears тардың құрметіне арнадым", - жеп жазды Димаш.

Әншінің әр елдегі жанкүйерлері де қарап қалмай, бірден құттықтау сөздерін жазып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

"Әбден лайықсыз!", "Рахмет саған, Димаш", "Біз ден сені жақсы көреміз!", "Әрдайым биік белестерді бағындыра бер", "Жарайсың, Димаш! Біз сенімен мақтанамыз", "Мықты әншісің", - деп жазды олар өз кезегінде.

Естеріңізде болса, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің ресейлік "Виктория" ұлттық музыкалық жүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
16
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel