RU
Алматыда күдікті қорап үшін полиция көшелерді қоршауға алды

Алматыда күдікті қорап үшін полиция көшелерді қоршауға алды

Рассказать Вконтакте

Тәртіп сақшылары Саин көшесі мен Төле би даңғылының қиылысында күдікті қорап туралы хабарлама алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

күдікті қорап

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Оңтүстік астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дабыл түскеннен кейін тәртіп сақшылары дереу азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кіріскен.

Оқиға орны бірден жабылып, патрульдік қызмет көліктерді басқа бағыт бойынша жүргізуді жүзеге асырды.

Мамандардың тексеруі нәтижесінде қораптың қауіпті емес екені анықталды. Ол жай таңбаланбаған болып шықты.

Қалалық полиция бөлімі жауапты азаматтарға қырағылықтары үшін алғыс білдірді

Осыған ұқсас оқиға бұған дейін де болған еді. Күдікті зат болғандықтан, Алматыда Розыбакиев көшесіндегі бүкіл сауда-ойын-сауық кешені эвакуацияланған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Америка Құрама Штаттарының иммиграциялық және кедендік полициясы Нью-Йоркте Қазақстан билігі іздеген қылмыскердің ұсталғандығы туралы хабарлады. АҚШ-та өткізілген 5 күндік операция нәтижесінде тәртіп сақшылары Нью-Йоркте елдің иммиграциялық заңдарын бұзған 12 шетелдік азаматты ұстаған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel