RU

Ақтаудағы балабақшада бір жасар бала көз жұмды

Telegram logo VKontakte logo

Ақтаудағы жеке балабақшада бір жасар бала қайтыс болды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ребенок

Көрнекі фото: Pixabay: UGC

Белгілі болғаны, бүлдіршін осыдан екі күн бұрын, 6 желтоқсан күні көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, ол жекеменшік балалар білім беру мекемесіндегі күтушінің қарауында жүргенде қайтыс болған деп жазады Lada.kz.

Балақайдың өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ал Маңғыстау облысының құқық қорғау органдары бұл фактіні СДТБТ-іне тіркеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбелік жалғызбасты ана Ару Самұратова БАҚ өкілдерінен көмек сұрады. Айтуынша, жеке балабақшаға барып жүрген екі жастағы ұлы 30 қараша күні үйге көкала қойдай болып, көгеріп келген.

Жалғызбасты анаға жеке балабақша басшысы мардымды жауап бермек түгілі, жағдайды түсіндірмеген. Керісінше, полицияға жазған арызын қайтып алуды талап етіпті.

Сондай-ақ, Ақмола облыстық балалар ауруханасына тыныс жолдарының ауруымен түскен екі жарым жастағы ұл бала сол қолынан айрылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Анасының сөзінше, соңғы салған екпеден кейін баласының қолы қарайып, жан кетіп қалған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Ақтаудағы балабақшада бір жасар бала көз жұмды